«Бақыт деген сенің бала күндерің» деп жырлаған екен асқақ ақынымыз Мұқағали Мақатаев. Расында, адам баласының ең бақытты шағы – балалық кезеңі. Бұл кезеңнің өзінің есте қаларлық ерекше сәттері болады. Соның бірі – Жаңа жыл. Ал өздеріңіз білетіндей Жаңа жыл сыйлықтарсыз өтпейді. Балалар үйі әкімшілігі мен бүлдіршіндері Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданының Полиция басқармасы УКР бастығы подполковник Алмас Саттарұлы Жаппаровқа, «Алматы» аудандық Полиция басқармасы бастығы полковник Серік Махриддинұлы Әбутәліповке және «Алматы» ауданының Полиция басқармасы ММ ұжымына Жаңа жылдық тәтті сыйлықтары үшін шексіз ризашылығын білдіреді!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз! 2022 жыл табысты болып, отбасыларыңызға бейбітшілік пен келісім, ертеңгі күнге деген сенімділік және тек қуанышты оқиғалар әкелсін! Жоспарланған барлық мақсаттарыңыз міндетті түрде орындалсын!