ҚР төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович мырза келді

Желтоқсан 30, 2021

«Адамзаттың өмірдегі ең қымбаттысы, көз қуанышы – бала. Бала – дербес тұлға»

Тәуелсіз еліміздің болашағы – балапандарымызды, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жағдайларынан хабар алу үшін балалар үйіне жұмыс сапарымен ҚР төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович мырза келді.

«Бала адамның бауыр еті» дейді. Балалар үйінің бүлдіршіндеріне үнемі қолдау көрсетіп, қамқорлығы мен мейіріміне бөлеп жүретін ҚР төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович, жұмыс сапары барысында балдырғандарымыздың ризашылығы ретінде арнайы дайындаған мерекелік бағдарламасының сыйлы қонағы болып, қуаныштарымен бөлісті.

Мерекелік іс-шара көңілінен шығып, бүлдіршіндеріміздің өнеріне риза болған ҚР төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович, балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі ниетін білдіріп, балапандарымызға жаңа жылдық тәттілер мен керемет сыйлығын табыстады.

Жаңа жыл қарсаңында балаларымыздың қуанышымен бөлісіп, мерекелік көтеріңкі көңіл күй мен шаттық сыйлау мақсатында балалар үйіне арнайы жұмыс сапарымен уақытын бөліп келгені үшін ҚР төтенше жағдайлар министрі Ильин Юрий Викторович мырзаға алғысымыз шексіз.

Құрметті Ильин Юрий Викторович!

В.А. Сухомлинский: «Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруге тиімді ықпал жасайды» дей отырып, «Егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады»,- деген болатын. Осы тұста Сіздің қолдауыңыз бен ерекше қамқорлығыңыз, сәбилерімізге қуаныш пен шаттық сыйлап қана қоймай, олардың қоғамның бір бөлшегі екенін сезіндіріп, болашаққа деген сенім мен бақыт сыйлайды.

Сізді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан, мықты денсаулық, шексіз бақыт, қолға алған әрбір игі бастамаларыңызға табыс пен өркендеу тілейміз!

  • 01
  • 02
Оқылды 367 рет