Сыйлық ол – ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықыласы мен ізгі ниетін білдіруі. Сыйлықтың қатқан жүректі жібітіп, оны жұмсартатын ерекше қасиеті бар. Адам бойында сүйіспеншілік сезімін оятатын ерекше күшке ие. Ал балаларға арналған сыйлықтың орны ерекше болады. Себебі ол сыйлықты алғандағы сәби қуанышынан асқан бақыт болмайды.
Балаларымызға жаңа жылдық сыйлықтары мен тәттілерін сыйға беріп, қуаныш пен шаттық сыйлаған Санжар мырзаға сәбилеріміз бен балалар үйі ұжымы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз. Мықты денсаулық, шексіз бақыт, мол табыс тілейміз.