Қайырымдылық – адам баласының бойынан табылуы тиіс асыл қасиеттердің бірі. Жүрегі мейірімге толы жанашыр жандарға Жаңа жылдық сыйлықтарымен біздің үйіміздің кішкентай тұрғындарын қуанышқа бөлеп, мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жақсылығымен жан жағына жылу сыйлайтын жандардың бары, олардың әлемнің кішкентай тіршілік иелеріне деген мейірімі мен қамқорлығы, бізге үлкен қуаныш сыйлайды. Жанашыр, қамқор жандарға, балалар үйінің ұжымы мен сәбилері атынан алғысымызды білдіреміз.
Мықты денсаулық, шексіз бақыт, мол табыс пен жоғары жетістіктер тілейміз.