Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не арнайы жұмыс сапарымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі – Артур ван Дизен, Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы келді.
Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі – Артур ван Дизен мырзаны мекеменің қызметімен таныстырды. Мекемемен танысу барысында, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі – Артур ван Дизен мырза физиотерапия, ЕДШ, оңалту кабинеттерінде, сонымен бірге бассейн, монтессори кабинетінде, «Күнім» оңалту тобында болды.
Қадірлі қонақтарымыз өздерінің жұмыс сапарын қорытындылап, елордалық балалар үйінің қызметін жоғары бағалады және қадірлі қонақтарымызға арналған естілік кітапшасына ізгі тілектерін жазып, қолтаңбаларын қалдырды.
Балалар үйінің ұжымы, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы мен БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілі – Артур ван Дизен, Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызына, үйіміздің бүлдіршіндерін қолдап, арнайы келгендері үшін, үлкен алғыс білдіреді.
Сіздерге шексіз бақыт, мықты денсаулық, жемісті еңбек және жұмыстарыңызға үлкен жетістіктер тілейміз!