Педагогикалық кеңес өтті

Ақпан 07, 2022

2022 жылдың 7 ақпанында Елордалық балалар үйінде «Ерте жастағы балалармен жұмыс жасаудағы заманауи білім беру технологиялары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңес отырысы мақсаты: балалар үйінде кішкентай балалармен жұмыс жасауда жаңа заманауи технологияларды пайдалану бойынша тәрбиешілердің білімі мен практикалық тәжірибесін кеңейту.

Педогогикалық кеңес барысында ЕДШ нұсқаушысы Нұргүл Ақышова «Туғаннан 3 жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасаудағы Фитбол әдісін дұрыс қолдану» шеберлік сабағын өткізді. Ал мекемеміздің логопед мамандары тәрбиешілерімізге «Логоритмика» денсаулық сақтау технологиясының элементтерін көрсетті.

Кеңес соңында балалар үйінің педагогикалық ұжымының барлық бағыттағы жұмысының тиімділігі бағаланып, жаңа оқу жылында өткізілетін іс-шаралар жоспары жасалды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 371 рет