Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі.
Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеуде үлкен істер атқарып, өнегелі тәлім-тәрбие беріп, жас ұрпағымыздың жеке тұлға болып қалыптасуында қажырлы қызмет атқарып келе жатқан – Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№66 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК ұжымына, мектеп директоры Шаяхметова Айтжан Ермұханқызына, №66 мектеп-лицей оқушылары мен ата-аналарына, балалар үйі ұжымы мен сәбилері атынан, бүлдіршіндерімізге қайырымдылық көмек түріндегі қамқорлығы мен ерекше мейірімі үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Ізгі ниетпен көрсеткен қамқорлықтарыңыз, сіздерге болақша екі есе жақсылық болып оралсын. Қолға алған әрбір игі бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, қуаныш сыйласын.
Сіздерге, мықты денсаулық, отбасылық бақыт, шуақты жақсылыққа толы күндер, сәттілік пен жетістіктер тілейміз.