2022 жылдың 11 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде әлеуметтік жұмыс бойынша заңгер Ғабдуллин Бауыржан Құрманғазыұлы қызметкерлерге «Мекемені террористтік топтардан қорғау және қызметкерлердің террористік қауіп төнген кезіндегі алғашқы қорғаныс іс-әрекеттері» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді.
Ақпараттық дәріс барысында тыңдаушыларға күдікті заттарды анықтау кезіндегі әрекеттер алгоритмі, кепілге алу кезіндегі мінез-құлық ерекшеліктері, оғаш қоңыраулар мен күдікті хабарламаларды анықтау тәртібі туралы ақпарат берілді.