Меценаттарға үлкен алғыс

Наурыз 01, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, 2022 жылғы 01 наурызда, көктемнің алғашқы күнінде, жарқын да мейірімді мерекелердің бірі – «Алғыс айту күні» мерекесі аталып өтті!

Балалар үйі ұжымы мен сәбилері атынан, мерекелік іс-шараға бүлдіршіндеріміздің қуанышымен бөлісуге арнайы келген қадірлі қонақтарымызға,  әртүрлі сыйлықтарымен балдырғандарымызға шаттық, бақыт сезімдерін сыйлап, ерекше мейірімі мен қамқорлығы үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. 

Сіздерге шын көңілден шыққан ізгі ниетімізді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр - қайрат, талмас талап - жігер тілейміз.

Әрқашанда дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдары, отбасыңыз берекелі болсын!

Оқылды 388 рет