Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенттеріне алғыс

Наурыз 02, 2022

Адам бойындағы жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық. Жақсы қасиеттерге ие жанашыр жастардың, түрлі себептермен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерімізге деген қамқорлығы, жақсылық жасауға ниеттілігі көңіл қуантады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ ұжымы мен бүлдіршіндері атынан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Экономика факультетінің 1-курс студенттеріне көрсеткен қайырымдылық көмегі үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, сәттілік пен үлкен жетістіктер тілейміз!

Оқылды 276 рет