21.02.2022 жылы балалар үйінің тәрбиеленушілері итальяндық «Перчини» мейрамханасында болды.
«Перчини» мейрамханасында біздің тәрбиеленушілеріміз келгенге дейін барлығы дайын болып, мейрамхана ұжымы бүлдіршіндерімізді қонақжайлылықпен қарсы алды.
Балдырғандарымызға танымал итальяндық «Фетучини» пастасы, Перчини пиццасы, шие шырыны мен мейрамхананың бас аспазы арнайы дайындаған ерекше балмұздақ берілді.
Керемет интерьер, дәмді тағамдары мен мейрамхана біздің балаларымызға өте ұнады және көптеген жағымды эммоциялар мен қуанышқа бөледі.
Балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан «Перчини» мейрамханасының директоры Асқар Төлеубекұлы Хасенов пен мейрамхана әкімшісі Альбина ханымға ерекше қамқорлығы және біздің балаларымызға қуаныш сыйлағаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт, барлық игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!