22.02.2022 жылы Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде Нұр-сұлтан қаласы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.
Семинар қатысушыларына полиция қызметкерлері балалар үйінің қызметкерлерін терроризм актісі қатері төнген және күдікті зат табылған кездегі алғашқы іс-әрекеттермен таныстырды.
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістер бойынша ақпаратты егжей-тегжейлі түсіндірді. Әр адам террорлық шабуылдар кезінде қалай әрекет ету керектігін білуі керектігі жайлы түсіндірді.
Іс-шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Терроризмге қарсы қорғануды қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша презентациялар мен бейнематериалдарды көрсетті.