2022 жылдың 25 ақпанында «Күнім» оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды «Күнім» оңалту тобының қызметімен таныстыру болды.
Мамандар балалардың бейімделуі, сәбилердің бір күні қалай өтететіні, топтың негізгі жұмыс барысы туралы айтып берді. Үй жағдайында ерекше балаларға қалай дұрыс күтім жасау туралы кеңестерімен бөлісті.
Жиналыс соңында ата-аналармен балалар үйіне экскурсия жүргізілді, оның барысында ата-аналар балалар үйінің барлық мамандарының жұмысымен танысты.