Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келетін «Алғыс айту» мерекесіне арналған «Көктемгі TV» салтанатты іс-шара өткізілді.
Алғыс айту күні – балаларымыз үйіміздің жанашыр, қамқор достарына ерекше мейірімі мен қолдауы үшін, өздерінің шығармашылық өнерлері арқылы ризашылығын білдіретін ерекше мереке.
Бүгінгі салтанатты іс шараға балаларымызбен бірге, мерекені думанды атап өту үшін «Мақта қызбен Мысық» қонаққа келді. Балдырғандарымыз сүйікті кейіпкерлерімен ертегі әлеміне саяхаттап, әртүрлі тапсырмаларды орындап, ән айтып, би билеп, мерекелік бағдарламаны қызықты өткізді.
Балалар үйі директоры Сауле Кенжетайқызы сәбилерімізді қуанышқа бөлеп, қамқорлығын көрсетіп жүрген мейірімді жандарға алғыс айтып, жылы лебізін білдірді.
Мерекелік бағдарлама соңында үйіміздің қадірлі қонақтарына сөз беріліп, дәстүр бойынша балаларымызға сыйлықтар табыс етілді.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұжымы атынан, барлық демеушілерге, меценаттарға, балдырғандарымызға жан жылуын сыйлап, қуанышқа кенелтіп, жақсылықты үлгі етіп, ертеңгі күннің жарқын боларына сенім отын ұялатып, қамқорлығы мен қолдауын көрсетіп жүрген жомарт жандарға шексіз алғысымызды білдіреміз.
Сіздерге шексіз бақыт, мықты денсаулық, әрбір игі бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілейміз!
Баршаңызды ризашылық пен мейірімділіктің мерекесіне айналған Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!