Кезекті «Тұсау кесер» рәсімі өтті

Наурыз 18, 2022

2022 жылдың 18 наурызында ҚР Ұлттық музейінде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – жаңғыру нышаны» атты мерекелік салтанатты іс-шарасында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің тәрбиеленушілеріне арналған дәстүрге айналған кезекті «Тұсау кесер» рәсімі өтті.

Тұсау кесу рәсіміне дипломатиялық қоғамдастық өкілдері, белгілі қоғам қайраткерлері, мәдениеттанушылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бүлдіршіндеріміз Керей мен Жәнібек, Максим, Жаннұр, Вераның тұсауларын Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі профессор Мұхамет-Қанапия Оспанов, Қырғызстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дюшекеев Дастан Станбекович, Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаева, Елшілердің жұбайлары қауымдастығының мүшесі Озен Даглы Экиджи, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Экиджи, Суретші және этнограф, қару-жарақ зерттеушісі Қалиолла Саматұлы Ахметжан, Марокко елшісі Мухаммед Рашид Маанину кесті.

Тұсау кесер «бала өмір жолында сүрінбей, ешкімнің ала жібін аттамай, көктей өсіп-өніп, өмірі берекелі болсын» деген халқымыздың ізгі ниетімен жасалатын дәстүр. Кез келген табысқа жеткен тұлғаның негізі балалық шақта жатыр. Қадам басуға талпынған бүлдіршіндеріміз Керей мен Жәнібектің, Максимнің, Вера мен Жаннұрдың болашақтары жарқын, жолдары ашық болсын деп тілейміз.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08

 

Оқылды 346 рет