Наурыз мейрамын тойладық

Наурыз 22, 2022

Ойын дегеніміз – баланың ақыл-ойын дамытып қызықтыра отырып ойдан ойға жетелейтін, алысқа меңзейтін қиял мен қанат беретін ғажайып нәрсе.

Ойын баланың жан серігі, бала ойнап өседі.

Баланың әдепті, көргенді, қарапайым болуы үлкендерге байланысты. Бала ойынсыз өсіп, өркендей алмайды. Сол үшін бүгін тәрбиешілеріміз балаларымызды ұлттық ойындар: Қыз қуу, қол күрестіру, көкпар, арқан тарту, асық ату, және тағы басқа ойын түрлерімен таныстырып, уақыттарын көңілді әрі қызықты өткізді.

Ұлттық ойындарды ойнау арқылы бүлдіршіндеріміздің өз салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына сүйіспеншілігі, қызығушылығы артып, дүниетанымы кеңейеді, сөздік қоры дамиды.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09

 

Оқылды 288 рет