2022 жылдың 29 наурызында «Күнім» оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста мамандар балалардың бейімделуі, мінез құлқы, қызығушылығы, сәбилердің бір күні қалай өтететіні, топтың негізгі жұмыс барысы туралы айтып берді.
Балалар үйінің психологы ата-аналармен әртүрлі тренингтер және ойындар өткізді. Жиналыс барысында мамандар ата-аналармен атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап әдіс-тәсілдерін қолданды. Басқосудың соңында ата-аналар бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін және балалар үйінің қызметкерлеріне деген алғыстарын білдірді.