Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет – ол жанашырлық.
Балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан Шодиев Фаттах Каюмович мырзаға сұлу қыздарымызға арналған әдемі көйлектер, сымбатты ұлдарымызға арналған жылы киімдер, ыңғайлы аяқ киімдер мен қыстық комбензондар үшін алғысымызды білдіреміз.
Балаларымыздың жанашыр қамқоршысы Шодиев Фаттах Каюмович мырза балдырғандарымызға үнемі қолдау көрсетіп, бірі екіншісіне ұйсамайтын керемет түрлі сыйлықтарымен сәбилерімізді қуанышқа бөлейді. Ерекше мейірімімен қамқорлығына бөлеп, балаларымызға бақытты балалық пен болашаққа деген сенім сыйлайтын жанашыр жанның бары бізді шексіз қуанышқа бөлейді.
Құрметті Шодиев Фаттах Каюмович!
Сізге мықты денсаулық, шексіз бақыт, әрбір қолға алған ісіңізге сәттілік пен табыс тілейміз.