Сүйкімді бүлдіршініміз Санжарға оңалтуға арналған жүріс арбасын сыйға бергені үшін мейірімді жанға шексіз алғысымызды білдіреміз

Сәуір 06, 2022

«Мейірімділік» – адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алуы. Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.

Сүйкімді бүлдіршініміз Санжарға оңалтуға арналған жүріс арбасын сыйға бергені үшін мейірімді жанға шексіз алғысымызды білдіреміз.

Оңалтуға арналған жүріс арбасы Санжарға еркін қозғалуға, достарымен қарым-қатынас жасауына, айналасындағы әлемді танып білуіне ғана емес, сонымен қатар өз бетімен әрекет жасап үйренуіне көмектеседі.

Жүрегі мейірімге толы, қайырымды жанға мықты денсаулық, мол табыс шексіз бақыт тілейміз. Жақсылығыңыз жолыңызды жарық етер шамға айналып, сізді тек молшылық, бақыт, қуаныш пен шаттық сыйласын.

Оқылды 304 рет