Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде балалармен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлерге психологиялық оқыту курстары циклі басталды. Алғашқы тренингтің тақырыбы «Ресурс. Адамның ресурстық күйі».
Мақсаты: Балалармен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерлердің психологиялық көңіл-күйлерін көтеру. Өздеріне құрметпен қарау, күйзелістен арылту. Мамандар мен балалар арасында сыйластық қарым-қатынас орнату арқылы адамгершілікке, достыққа, өзара түсінушілікке, уақытты көңілді өткізуге, мейірімді ұйымшыл болуға баулу.
Тренинг барысында қызметкерлер ойландыратын түрлі тапсырмаларды орындап, қызықты ойындар ойнады. Сергітуге бағытталған қызықты тренинг қатысушылардың көңілінен шығып, қуаныш сыйлады.
«Жүректен шыққан жылы сөз, жүрекке жол табады» демекші, тренинг соңында мамандар шеңбер құрып, бір-біріне сағат тілінің бағыты бойынша жүрекшені ұсына отырып, кезекпен достық тілектерін білдірді.