Елордалық балалар үйіне Бас көлік прокуроры мен Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары келді

Сәуір 26, 2022

Бала – біздің болашағымыз. Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының тыныс-тіршілігенен, жай-күйінен хабардар болу мақсатында, Елордалық балалар үйіне Бас көлік прокуроры Сыбанқұлов Ернат Мұхаметқалиұлы мен Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Еламанов Жасұлан Бекмырзаұлы келді.

Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы қонақтарымызды мекеменің қызметімен таныстырып, экскурсия жүргізді. Құрметті қонақтарымыз балдырғандарымыздың өмір сүру жағдайымен танысып болған соң, сәбилеріміздің арнайы дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын тамашалады.

Құрметті Ернат Мұхаметқалиұлы және Жасұлан Бекмырзаұлы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кішкентай бүлдіршіндеріміздің және ұжымымыздың атынан, балаларымызды қолдап, арнайы келгендеріңіз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз. 

Сіздерге, мықты денсаулық, шексіз бақыт, жұмыстарыңызға сәттілік, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Әр күніңіз бақыт пен ізгілікке толы болсын!

Тәуелсіз мемлекетіміздің баянды болашағының арайлы  таңдарын атыруға бағытталған игі шараларыңыз жүзеге асып, Ел алғысына бөлене беріңіздер.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
Оқылды 265 рет