«Күнім» оңалту тобының кезекті курсы аяқталды. Үш ай уақыт көлемінде мамандарымыз атқарған жұмыстар өз жемісін беріп, бүлдіршіндердің шыдамдылығы, алғырлығы мен ерік-жігерінің арқасында жеткен керемет жетістіктері мен табыстарын мақтан тұтамыз!
29.04.2022 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Күнім» оңалту тобының балапандарына арналған мерекелік қоштасу кеші өтті.
Ертеңгілікке, бүлдіршіндерге қонаққа Мери Поппинс пен Түлкі келді. Сүйікті кейіпкерлерімен балалар «Күн мен Жаңбыр», «Күн мен түн», «Сиқырлы орамал» ойындарын ойнап, би билеп кешті көңілді өткізді.
Мерекелік кеш соңында ата-аналар балалар үйінің директоры Сауле Кенжетайқызына және балалар үйі ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, топтың тәрбиешілеріне өз аттарынан Алғыс хат табыс етті.
«Күнім» оңалту тобының күндей жарық тәтті бүлдіршіндеріне және ата-аналарына, балалар үйі ұжымы атынан сәттілік, отбасылық бақыт, жетістік, көптеген қызықты кезеңдер мен таңғажайып қуанышқа толы сәттердің көп болуын тілейміз.