Денсаулық ол басты байлық. Баршамыз үшін үлкен аманат екені белгілі. Ал балалар денсаулығына жауапкершілікпен қарап, ұлтымыздың болашағының дұрыс тамақтануына күтім жасау ол үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Осындай жауапты қызметте ұзақ жылдардан бері еңбек етіп келе жатқан аяулы жанның бүгін мерейі үстем болды.
Халықаралық мейірбикелер күні мерекесіне орай балалар үйінің диеталық мейірбикесі Ахмедина Айгүл Тайгаринқызы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Құрметті Айгүл Тайгаринқызы, Сізді балалар үйінің ұжымы мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ерен еңбегіңізге, мейірімді жүрегіңізге алғысымыз шексіз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілейміз. Кәсіби біліктілігіңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіз.