Халықаралық отбасы күні

Мамыр 15, 2022

15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қаулысымен бекітілген Халықаралық отбасы күнін атап өтеді.

Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.

Отбасының аман-саулығы – әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі.

Жеке адамның бойындағы ар ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.

Отбасында алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.

Балалар үйінде өткізіліп жатқан отбасы апталығы аясында «Күнім» оңалту тобы мен  «Ботақан» күндізгі тобы бастаған «Отбасы – бақыт мекені» челленджін «Бөбек», «Қуыршақ», «Үміт», «Шиелім», «Бөбек» жанұя топтары қабылдап алды.

Бүгінгі мерекенің біз үшін орны бөлек. Себебі біздің балалар үйі мейірім мен татулық мекен еткен үлкен бір шаңырақ. Бұл шаңырақтағы жанұялық топтар – біздің үйдегі бүлдірдіршіндердің бауырмалдық пен бірлікте тату өмір сүріп жатқан алтын ұясы.   

Баршаңызды бүгінгі мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасыларыңызға береке, бірлік, шаттық пен қуаныш тілейміз.

Оқылды 330 рет