Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне, бүгін мамандарымыз балалармен таза ауада «Теремок ертегісі бойынша саяхат» атты спорттық көңіл-көтеруге арналған мерекелік сайыс өткізді.
Сайысқа барлық жастағы балалар қатысты! Сайыс кезінде сәбилерімізге мерекелік қуаныш сыйлау үшін біздің үйге қонаққа Аю, Бақа, Мысық, Қоян, Тышқан, Түлкі келді. Балалар ертегінің әр кейіпкерімен қуана ойнады. Тышқанға Мысықтан қашуға көмектесті, Қоянға сәбізін жинап берді, ал Бақа балаларды биге шақырды, айлакер Түлкі балалар жарысын ұсынды! Ертегілік кейіпкерлер балаларымызбен бірге би-билеп, ән салып, көңіл көтерді. Қызыққа толы тартысты өткен сәбилеріміздің сайысы оларға қуаныш пен шаттық сыйлап, ерекше әсерге бөледі. Біздің үйге қонаққа келген Аю үшін балапандарымыз арнайы үй салып, сыйға тартты. Аю мырза құрметі мен ризашылығы ретінде балаларымызға өзімен бірге арнайы алып келген тәттілерін табыстады. Біздің үйдің балғындарының мерекелік бүгінгі жарысы көтеріңкі көңіл-күймен жоғары дәрежеде өткізілді.