«Nur Otan» партиясының қалалық филиалына алғысымызды білдіреміз

Тамыз 28, 2020

«Nur Otan» партиясының қалалық филиалы біздің үйдің көпбалалы аналарына оқу жылы қарсаңында арнайы көмегі мен қолдауы ретінде мектепке баратын бүлдіршіндері үшін өздеріне қажетті заттарды «abdi» бренд желісінен сатып алуға арналған 10 000 тг көлеміндегі сертификаттарды сыйға берді. Аналарымызды алдағы келе жатқан білім күні мерекесімен арнайы құттықтап, партия атынан сертификаттарды  «Nur Otan» партиясы "Алматы" аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Болысбек Мұхамеджан Әбдіәшімұлы табыстады. Ұжымымыз бен көпбалалы аналарымыздың атынан «Nur Otan» партиясының қалалық филиалына алғысымызды білдіреміз. Халқымыз: «Ана бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербетеді», – дейді. Алтын құрсақты аналарымызға  деген ерекше құрмететіңіз үшін ризашылығымызды білдіреміз.  Мейірімділіктің жарқын үлгісі болатын  Сіздердің барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

  • IMG_5605
  • IMG_5608
  • IMG_5610
  • IMG_5613
  • IMG_5616
  • IMG_5618
  • IMG_5619
Оқылды 439 рет