Референдум өткізу қарсаңында

Мамыр 20, 2022

Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция.

Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі. 2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.

Референдум өткізу қарсаңында балалар үйінің әлеуметтік заңгері Бауыржан Құрманғазыұлы Ғабдуллин балалар үйінің қызметкерлері үшін ақпараттық сағат өткізіп, еліміздің бас заңына енгізілетін түзетулер туралы, референдум өткізу тәртібі туралы ақпаратпен таныстырды.

  • 01
  • 02
Оқылды 263 рет