Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!

Тамыз 28, 2020

«Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры».

Н.Ә. Назарбаев

Бүгін Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде  Ата Заңымыздың 25 жылдығы мерекесіне арналған арнайы «Менің Қазақстаным – менің мақтанышым!» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Мерекелік бағдарлама барысында арнайы бейнематериалдар көрсетіліп, Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі Конституциясы мен Конституцияның тарихи бастауы қалай жасалғандығы еске түсірілді. Патриоттық әндер шырқалды. «Атамекен» әнін орындау барлық жиналғандардың жүрегін мақтаныш сезіміне бөледі. Мекемеміз директоры Сауле Кенжебаева ұжымымызды мерекемен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін білдірді.

Балалар үйінің кәсіподақ комитеті тәрбиешінің көмекшілерін, аспазшыларды, техникалық және басқа да  қызметкерлерді мерекемен арнайы құттықтап сыйлықтар табыстады.

Мереке соңында «Байтақ елім, киелі жерім – Қазақстан» байқауының қорытындысы шығарылды. Жалпы шешім бойынша әр қатысушы естелік сыйлықпен марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Мырзабаева Қарлығаш Лесбайқызы «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық сайысына қатысқаны үшін дипломмен және медальмен марапатталды.

Бүгінгі Коституциямыздың басқа Конституциялардан артықшылығы – ең бірінші, мемлекет ретінде жеке адамға аса құрметпен қарайтындығында. «Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп бірінші бапта жазылған. Үшінші бапта «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы – халық» дейді.

Иә, ендеше әрбір азамат бейбіт елдің алтын арқауы – Ата Заңымыздың талаптарын бұлжытпай орындаса алар асуымыз әр кезде биік, Мәңгілік Елдің тұғыры бекем, шаңырағы берекелі болары сөзсіз.

  • IMG_5520
  • IMG_5527
  • IMG_5578
  • IMG_5583
  • IMG_5591
  • IMG_5596
  • IMG_5597
Оқылды 528 рет