Бүгін «Балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не, Қазақ халқының спорт өнерінің дамуына үлес қосып, олимпиадаларда туымызды көкке көтеріп, Қазақстанды әлемге танытқан олимпиада чемпиондары, халықаралық спорт шеберлері, бокстан Әлем чемпионы – Мерей Акшалов пен үш рет Азия чемпионы болған қазақстандық боксшы – Василий Левит, және Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет), Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) – Илья Ильин мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ерғалиев Самат Серікханұлы келді.
Балалар үйінің директоры Сауле Кенжетайқызы құрметті қонақтарымызды мамандандырылған балалар үйінің қызметімен таныстырды.
Еліміздің мақтаныштары Мерей Акшалов, Василий Левит, Илья Ильин үйіміздің кішкентай тұрғындарының арнайы мерекелік бағдарламасының қадірлі қонағы болып, мерекелік шара соңында бүлдіршіндерімізге арнайы әкелген сыйлықтарын таратып берді.
Сондай-ақ, мерекелік іс-шара барысында «Қуыршақ» тобының тәтті бүлдіршіні Санжардың тұсау кесу рәсімі өтті. Ерекше бүлдіршініміз, күн сәулелі шуақты баламыздың тұсауын Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит мырза кесті. Бұл біздің балалар үйінің ұжымы үшін үлкен мақтаныш!