Біздің жаңалықтар
Балалар үйінің аумағын абаттандыру және көгалдандыру жазғы маусымдағы дайындықтың жыл сайынғы дәстүріне айналды. Мекеме ұжымы көктем айларында мекеме аумағын көгалдандырумен, оны абаттандырумен, сенбіліктерде де, күнделікті тазалау жұмыстары кезінде де айналысады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-інде мейірбике-массажист Ұлтуған Төлегенқызы Әуелбекованың «1- жылға дейінгі балалардың жоғарғы тонусы деген не?» тақырыбында ашық сабағы өтті.
2021 жылғы 12 мамыр күні Халықаралық мейір бикелер күнін мерекелеу аясында лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, жоғары кәсібилігі, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қамқоршылық пен мейірім үшін Балалар үйінің медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Цойдың Құрмет грамотасымен, сондай-ақ Алғыс хаттарымен марапатталды.
Туған күніңмен, Санжар! «Бөбек» отбасылық тобында сүйкімді балапанымыз - Санжар 3 жасқа толды! Санжарды туған күнімен құттықтап, мынадай жыр жолдырын арнаймыз: