Біздің жаңалықтар

Біздің бүлдіршіндер үшін әр айдың соңғы жұмасында «Алақай» театр студиясымен кездесу жақсы дәстүрге айналып кетті.  Жылдар бойы көрсетіліп келе жатқан қойылымдар, бай театрлық материалдардың жинақталғанын көрсетеді. Әрбір ертегі, балаларды ғажайыптар әлеміне, жаңа әсер мен ынта-жігерге баулиды!

Біздің педагогтар тағы да, өздерінің үлкен тәжірибесі мен бай дидактикалық материалдары бар екенін дәлелдеді!

Әдіскер Оксана Евгеньевна Гречишкинаның және аға тәрбиеші Лаура Сериковна Бурумбаеваның жетекшілігімен астаналық  балалар үйінің мұғалімдері әзірлеген және жүзеге асырған тәрбиелік іс-шаралардың 13 әзірлемесі 2021 жылдың наурыз айына арналған, республикалық «Білім айнасы» журналында жарияланды.

Қызметкерлеріміз: Гүлзада Әубәкірқызы Есжанованы, Оксана Владимировна Дзюбаны, Айгүл Сайлаубекқызы Қожағұлованы, Жанар Мәденқызы Тоқмырзаеваны, Толқынай Сағашқызы Есімованы, Гүлбаршын Әбелдинқызы Каргашеваны, Дәмел Хасқырбайқызы Бегерстанованы, Жанар Әубәкірқызы Есжанованы, Жұмагүл Жүнісованы, Ирина Вадимовна Верховецты, Күлбаршын Жаймағамбетқызы Тулеубекованы.......

Қазіргі еліміз үшін қиын кезеңде, түрлі аурулардың алдын алу, ескерту және кеңес беру мақсатында біздің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не №7 қалалық емхананың фтизиатр-дәрігері Сәулеш Тұрсынқызы Байжанова шақырылған болатын. 

Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында, «Өрлеу Қазақстан» ҚҚ өткізген, «Білікті - Маман 2021» онлайн-байқауына қатысып, үздік атанған біздің тәрбиешілерімізді: Гүлзада Әубәкірқызы Есжанованы, Әсемгүл Мұсылманбекқызы Жұмабекованы, Маржан Мұқатайқызы Умиржанованы және Бағлан Сұлтанқызы Сакенованы жеңістерімен құттықтаймыз!