Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы - мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос - жаран мен туған – туыс, әріптестер алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Көркемдігі тең келген суретпенен.
Туған-туыс, дос-жаран, әріптестер,
Ардақтайды өзіңізді құрметпенен.

 

Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңызға жетуіңізге тілектеспіз. Сізді тек биіктерден көрейік. Шаңырағыңызға құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңызға - амандық, денiңізге - саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз - асқақ, шығар биігіңіз асқаралы болсын!

Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, толағай табыстарға жете беріңіз! Әр күніңіз бақыт пен ізгілікке толы болсын.

50-жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан  танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!