Біздің жаңалықтар
14.12.2022 жылы Астана қаласының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде әлеуметтік бөлім қызметінің 2022 жылғы қорытынды жұмысы бойынша Аурухана кеңесі өтті.
Бүгін күндізгі «Күнім» оңалту тобының сүйкімді аруы — Аруназдың туылған күні! Сүйкімді ару, сені туған күнімен құттықтаймыз! Өмірде бақытты бол! Болашағың жарқын болсын! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілейміз. Алдағы ғұмырың қуаныш пен бақытқа толсын!
Бүгін біздің үйде қуанышты мереке! «Шиелім» тобының сүйкімді бүлдіршіні Нұржігіт – 3 жасқа толды. Біздің ұжым кішкентай бүлдіршінімізді шын жүректен құттықтаймыз! Туған күніңмен, Нұржігіт!
05.11.2022 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не арнайы жұмыс сапарымен Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері келді.