Біздің жаңалықтар

09.02.2023 жылы «Ботақан» күндізгі тобының қоштасу кеші өтті.

Кеше ғана жүректері лүпілдеп, жүрексіне, жан-жағына таңырқай қарап, «Ботақан» күндізгі тобының табалдырығын аттаған бүлдіршіндеріміздің 6 ай уақыты лезде өтіп, қоштасу ертеңгілігінің куәсі болдық.

08.02.2023 жылы Астана қаласының «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ қызметінің 2022 жылғы қорытынды жұмысы бойынша Аурухана кеңесі өтті.

Бүгін біздің «Бөбек» тобының тәтті бүлдіршіні Ерғанат 1 жасқа толды. Ерғанат, үйіміздің ерке балапаны – біз сені туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Барлық арман тілектерің орындалып, болашағың жарқын болсын. Жаныңда жақсы адамдар мен адал достарың көп болып, өмірің шаттық пен қуанышқа, бақытқа толы болсын. Саған мықты денсаулық пен сәттілік тілейміз.

Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы – балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлайтын мерекелік іс-шара. Елордалық балалар үйінің тәрбиешілері балаларымыздың білімдерін шыңдайтын түрлі қызықты ойын-сауық бағдарламаларын оқыту жоспарына сәйкес өткізуде.