Біздің жаңалықтар
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде Конституциясы күні мерекесіне арналған «Ата заң - Алтын тұғырымы» атты салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, балалар үйінің директоры Татьяна Александровнаның мекеме ұжымын құттықтау сөзімен басталды.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Конституциясы жайлы бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.
15.08.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің «Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өтті.
Біздің мекеменің үлгілі қызметкерлері Джумашева Тұрсынай Мұрзақанқызы Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі атынан «Алғыс хат» алды.
2023 жылдың 26 шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша» және «Өрт-техникалық минимум бойынша» біліктілікті арттыру курсы өтті. Тренингті «ZHES-CAPITAL» ЖШС оқытушысы Карибаева Мадина Кажимеровна жүргізді.