Біздің жаңалықтар
«Алматы» аудандық филиалының «Медицина қызметкері күні» мерекесіне орай арнайы «Алғыс хаттарын» алды
Елордалық балалар үйінің қызметкерлері – директор Кенжебаева Сәуле Кенжетайқызы, Бекмағанбетова Гаухар Ибрагимқызы, Сейтенова Дурия Қаратайқызы, Тулеубекова Күлбаршын Жаймағамбетқызы, Кусаинова Бахытгул Хамитқызы «Amanat» партиясының Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» аудандық филиалының «Медицина қызметкері күні» мерекесіне орай арнайы «Алғыс хаттарын» алды.
Бүгін — егіздеріміздің туылған күні. «Үміт» тобының тәтті бүлдіршіндері Илья мен Лиана 3 жасқа толды. Осыған орай, ардақты да асыл, қылықты да сүйкімді балапандарымызды шын жүрегімізбен бүгінгі мерейлі мерекелерімен құттықтаймыз.
Керемет сәттер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын жаз мезгілін балаларымыз ерекше жақсы көреді.
Балалар үйінің амфитеатрында балауса бүлдіршіндерімізге бақыт сыйлап, езулеріне күлкі үйірер, көңілді кейіпкерлер, жанды образдармен балаң көңілге қуаныш сыйлау мақсатында «Бөбек» жанұя тобының ұйымдастырыуымен «КҮНДІ КІМ ҰРЛАП ӘКЕТТІ?» ертегі қойылымы өтті.