Біздің жаңалықтар

2022 жылғы 27 шілдеде балалар үйінің әлеуметтік педагогы Оксана Владимировна Дзюба «Балалар мен отбасын қолдау орталығы» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша қорытынды кеңеске қатысты.

Марьямға осындай ерекше күні, денінің сау болғанын және армандарының орындалуын тілейміз! Әр қашан жүзіңнен күлкі кетпей, ғажайып балалық шақта қанатын талмай ұша бер.

Әр аптаның сәрсенбі күнгі үрдісі бойынша топтардың тәрбиешілері кезекпен балаларға арнап көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бүгін «Қоңырау» отбасылық тобының тәрбиешілері «Жарқырайды, жаз айы» тақырыбында балаларға арнап, қойылым қойды. Жаз мезгілінде күннің ыстық болатыны, жеміс – жидектің пісетіні, күннің ұзақ, түннің қысқа болатыны туралы ақпарат берілді.Бүлдіршіндер асыр салып ойнап уақытты қызықты өткізді.

Уақыттың тез зымырап өтіп жатқанын бәріміз байқаймыз. Жаздың екінші айының ортасы болып та қалыпты.