Біздің жаңалықтар
1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады. Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын жария етті.
«Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс.
16 қыркүйекте елордалық Балалар үйінің апта сайынғы отырысында логопедтер – Гаукар Зейноллақызы, Күлпаш Дүйсембекқызы, Ирина Вадимовна «Логопед» ғылыми-әдістемелік журналын түсіндіру арқылы қызметкерлерге ақпараттық сағат өткізді.
Мамандар журнал мақалаларына шолу жасады. Олар дыбыстарды шығару, сөйлеуді түзету және дамыту туралы, логопедиялық және дефектология бойынша мақалалар туралы айтты.
22 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің күндізгі «Ботақан» тобы мен «Күнім» оңалту тобы «Түрлі түстегі – Ана тілі» сурет көрмесін өткізді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының 20 ғасыр басындағы ұлт азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ағартушы, ақын және қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаушы публицист.