Біздің жаңалықтар
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, ұлтын сүйетін ұлтжанды, парасатты азаматты тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі орасан зор екені белгілі. Ұстаздық ету – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі.
2022 жылдың 27 қыркүйегінде «Қоңырау» тобының тәрбиешілері ұйымдастыруымен балаларымыз үшін Корней Чуковскийдің «Қайырымды дәрігер Айболит!» ертегісінің қойылымы көрсетілімі өтті.
Балалар үйінің бақшасында біздің жас диқандарымыз көкөніс өсіреді – өз қолдарымен өсірген экологиялық таза өнімдер балалардың еңбекке деген құлшыныстарын арттыра түседі. Олар жыл сайын мамандармен және тәрбиешілерімен бірге қияр, қызанақ, сәбіз және т.б. көкөністер өсіреді.
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, әлеуметтік жұмыс жөніндегі заңгер Бауыржан Құрманғазыұлы Габдуллин қызметкерлерге «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын бекіту туралы» тақырыбында ақпараттық дәріс оқыды.