Біздің жаңалықтар
Бүгін біздің «Үміт» тобының қылықты сұлу ханшайымының туылған күні. Зейнеп 1 жасқа толды.
Бүгін «Бөбек» жанұя тобының балапаны – Арыстан 1 жасқа толды!
Сүйкімді балапанымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Елордалық балалар үйінде «Қуыршақтар шеруі» өтті. Түрлі мамандық иелері қуыршақ кейпінде қонаққа келіп, бүлдіршіндермен бірге бар өнерлерін ортаға салып, жиналған қауымды қуаныш пен шаттыққа бөледі.
Міне, келесі күндізгі бөлім «Ботақан» тобының кезекті курсы аяқталды. Балалармен қоштасатын болғандықтан, бүгін біздің көңіл күйіміз жабырқаулы. Бірақ балаларға, олармен осы уақыт ішінде болған өзгерістерге қарап, осындай керемет бүлдіршіндердің жеткен жетістіктерін мақтан ете алатынымызға қуаныштымыз!