Біздің жаңалықтар
17.11.21 – дәрігер-педиатр мен дәрігер – реабилитолог ZOOM платформасында күндізгі топтардың ата-аналарына «Дені сау ата-ана – дені сау бала», «Салауатты өмір салты» тақырыбында онлайн-кеңес өткізді. Бұл ақпаратты қашықтықтан 25 ата-аналар қызығушылықпен тыңдады.
ЕДШ нұсқаушысы Нургул Үшкемпирқызы «майтабандылықтың алдын алу» жөнінде сабақ жүргізді. Майтабан– табан дөңестерінің төмендеуінен болған табанның жалпаюы. Сабақта балаларға қандай аяқ киім кигізу керек екендігін сонымен қатар ортопедиялық кілемшенің пайдасы туралы айтылды.
1993 жылы елімізде бірінші рет ұлттық валюта айналымға жіберілді. Содан бері 15 қараша - қазақстандық қаржыгерлердің кәсіби мерекесі болып бекітілді.