Біздің жаңалықтар
Бүгін біздің «Қоңырау» тобының қылықты аруы – Тамираның туылған күні! Сүйкімді ханшайымды 2 жасқа толуымен шын жүректен құттықтаймыз! Шексіз бақыт, мықты денсаулық, жарқын болашық тілейміз. Балапанның ғұмыры шаттық пен қуанышқа, жақсылық пен жетістіктерге толы болсын!
Сенбілік – тазалық таразысы. Мекемеміз ұжымы бүгінгі жылы ауа-райын пайдаланып, қоңыр күздің сарғайған жапырақтарынан балалар үйінің аумағын тазартып, қысты қарсы алуға дайындалды.
Ересектердің белсенді жұмыс жасап жатқанын қызығушылықпен бақылаған бүлдіршінлеріміз, кішкентай тырма күректерін алып, күзгі сенбілік жұмыстарына өз үлестерін қосты. Сенбелік қызықты әрі көңілді өтті.
08.10.2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің «Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өткізілді.
«Шиелім» тобының серісі Бекжан 2 жасқа толды. Сүйкімді балапанымызды туылған күнімен құттықтаймыз.