Біздің жаңалықтар
Елордада 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қала тұрғындары тұмауға қарсы екпе ала алады. Вакцинаны аумақтық тіркелген жері бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарынан алуға болады.
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады.
Ата-аналар жиналысы ашық диалог түрінде және онлайн форматта өтті, жиналыс барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша толық ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.
Ата-аналар жиналысының мақсаты ата-аналардың балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелеріндегі құзыреттілігін арттыру, ата-аналарды үйде және балалар үйінің балабақша жағдайында балалардың денсаулығын нығайту мен сақтауға және шығармашылық тұлғасын дамытуға ықпал ететін негізгі факторлармен таныстыру болды.
Бүгін «Үміт» тобының көрікті, қылықты бүлдіршіні Аяжанның туылған күні. Балапанымызды 1 жасқа толуымен құттықтаймыз! Өмір жасы ұзақ, денсаулығы мықты, болашағы жарқын болсын! Сұлу жүзінен күлкі кетпей, жан-жағын нұрға бөлеп шексіз бақытқа кенеліп жүре берсін!