Біздің жаңалықтар

Бүгін біздің мекемемізге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығынан мейірімді ерекше жан Толмачёва Валентина ханым арнайы келіп, балдырғандарымызға ашық түстермен бейнеленген әдемі картинаны сыйға берді.

«Сақтансаң – сақтаймын!», деген қорғасын ойды санамызда қорытып, амалымызға айналдырайық.

Біздің тәрбиеленушіміз Тимира Хамзина табиғаты әсем Бурабай баурайында орналасқан "Қатаркөлдегі" оңалту орталығында ем алып, қызыққа толы демалысын өткізіп жатыр. 

Кеше ғана екі жасқа толған сүйкімді бүлдіршініміз мүмкіндігі шектеулі болса да өзінің нәзік жүрегімен барлық қиындықтарды еңсеріп, мекемеміз қызметкерлерінің көмегімен түрлі жаттығулармен оңалту жұмыстарының арқасында соңғы екі жылда біршама жетістіктерге қол жеткізді.

Өмір сүруге құштар, ақылды, алғыр балапанымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты ерік - жігерімен өзі армандаған барлық жетістіктерге қол жеткізіп,  аяққа тұрып кетуіне тілекшіміз. Тәтті бүлдіршініміздің өмір жасы ұзақ, болашағы жарқын болсы