Біздің жаңалықтар

Біздің балалар үйінде физиотерапия кабинеті бар, онда дәрігердің тағайындауы бойынша процедуралар жүргізіледі. Күмісқайша Мұхаметкарімқызы - жоғары санатты физиотерапия медбикесі, ол балалардың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

2021 жылдың 30 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйінің» МКМ-де,  дәрігер-педиатр Сауле Болатқызы Күзгібекова, медициналық (дәрігерлер, ОМҚ) және медициналық емес (тәрбиешілер) қызметкерлердің аттестаттау нәтижелерімен таныстыру мақсатында ақпараттық сағат өткізді.

Жазғы уақыт - ойындар мен қызықтардың, жарқын түстер мен жағымды эмоциялардың уақыты. Балалар үйінің бүлдіршіндері үлкен ықыласпен саябақта серуендеді. Саябақтың үлкен аумағында, уақытты қызықты әрі көңілді өткізетін түрлі ойын алаңдары бар.

Жаздың күні балалардың бос уақытын таза ауада ұйымдастыру өте керемет! Біздің күндізгі «Күнім» тобының балалары саябаққа серуенге шықты, олар орман жолдарынан: түрлі жәндіктерді, құстарды және басқа да көптеген қызықтарды кездестірді.

Ағаштардың көлеңкесінде пикник жасадық! Мұндай жаздың ыстық күндерінде саябақта демалу, су, шырын ішу, жұмсақ шөпте достармен ойнау қандай керемет!