Біздің жаңалықтар

2021 жылдың 28 шілдесінде балалар үйінің тәрбиешілері табиғат аясында балаларға арналған спорт мерекесін ұйымдастырды!

Белсенді қимыл ойындары - бұл балалар үшін әрдайым қызықты іс-шара. Балалар барынша көңіл көтеріп, ойнады, жүгірді және үлкен қуанышқа бөленді.

 

Педагог – тәрбиешілер, қоршаған әлеммен танысу және қоғамда одан әрі сәтті қалыптасу мақсатында, балалармен түрлі тақырыптарда сабақтар өткізеді. Өздерінің  кезекті сабақтарында тәрбиешілер, балаларға ауылдар мен елді мекендер туралы айтты.

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің медбикесі Гүлнәр Әскербекқызы Абилкадирова, қызметкерлерге арналған «Кене энцефалитінің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды. 

Балалармен міндетті түрде серуендеу керек! Бұл бәріне белгілі. Серуендеу – денсаулыққа пайдалы. Бұл - таза ауа, жарқыраған күн, тамаша табиғат, белсенділік, әлемді тану. Біздің бүлдіршіндеріміз бар ықыластарымен және қызуғышылықпен серуендеуге шығады. Бүгін біздің кішкентай сәбилеріміз ересектермен бірге саябаққа серуендеуге шығып, қуанышты көңіл күймен, керемет әсермен  оралды!