Біздің жаңалықтар
Біздің бүлдіршіндер елордалық саябақта көңілді де қызықты серуендеді. Балалар көптеген жағымды әсерлер алды, күні бойы жақсы көңіл-күймен жүрді. Біздің балаларға, серуенге шығу, көптеген жағымды эмоциялар сыйлады!
2020 жылы жаңа коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында біздің балалар үйінде 2020 жылдың 20 сәуірінен 12 мамыры аралығында тәулік бойғы жұмыс режимі енгізілді. Бұл мекеме қызметкерлері үшін табандылықтың, шыдамдылық пен төзімділіктің нағыз сынағы болды.
9 шілде күні балалар үйінің педиатр дәрігері Бағира Игенқызы Жүнісбекова апта сайынғы жалпы жиналыста қызметкерлер үшін, Халықаралық кәсіби "Медицина" журналының беттері бойынша ақпараттық сағатын өткізді.
Балалардағы туберкулездің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттандыруды арттыру және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жұмысты жандандыру мақсатында медбике Венера Жиенбайқызы балалар үйінің қызметкерлері үшін "Балалардағы туберкулездің алдын алу" тақырыбында дәріс өткізді.