Біздің жаңалықтар

Жетісу саябағы жеті судың жарқын бөлшегі! Ол қызықты заманауи мүсіндерге, аттракциондарға, белсенді және жанұялық демалуға арналған алаңдарға толы. Балалар әткеншектерге мініп, батутқа секірді, табиғатты тамашалады, құстардың әнін тыңдады, хош иісті гүлдердің хош иісінен ләззат алды. 

Туған куніңмен, Бекарыс! Біздің «Қонырау» жанұясының сүйкімді балапанымыз - Бекарыс  3 жасқа толды. Туған күнің құтты болсын, зор денсаулық, бақытты күндер көп болсын! Және осы қызықты әлем туралы білуге, нағыз ержігіт болып өсуге деген қажымас қайрат тілейміз!

Бүгін "Бөбек" жанұясының сұлу, әрі тәп-тәтті бүлдіршіні Хайфа - 2 жасқа толды! Туған күнің құтты болсын, кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілеймыз! Ғұмыр жасын ұзақ, денсаулығың мықты, болашағың жарқын болсын!

25 маусымда біздің логопедтер Гаукар Зейноллақызы Абсеитова және Ирина Вадимовна Верховец қызметкерлерге арнап, республикалық «Дефектология» және Ресейлік «Логопед» ғылыми-әдістемелік журналдарындағы жаңалықтармен бөлісу мақсатында ақпараттық сағат өткізді. Мамандар журналдардағы мақалаларға шолу жасады. Олар жаңа білімді практикада қолдану тәжірибесімен бөлісті. Қызметкерлермен «Мен сияқты жаса», «Менен кейін қайтала» шеберлік класын өткізді.