Біздің жаңалықтар
Балалар үйінің ұжымы тәрбиешілер: Алмагүл Алтыбайқызы Сатыбалдинаны, Қалдықүл Қозыкөрпешқызы Қожахметованы, Гүлжан Ауданбаевна Елубаеваны шын жүректен құттықтайды. Тәрбиешілер әдіскер Оксана Евгеньевна Гречишкина мен аға тәрбиеші Лаура Серікқызы Бурумбаеваның жетекшілігімен, өздерінің тәрбиелік іс-шараларын әзірледі және ол 2021 жылғы мамыр айының «Педагог жаршысы» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланды.
Педагогтарымызға кәсіби қызметтеріне сәттілік, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Біздің Балалар үйінде тәрбиешілер балалармен бірге «Көңілді спорт» спорттық ойын-сауық іс-шарасын өткізді. Балалар жылдамдық, дәлдік, тапқырлық сайыстарына қуана қатысты. Бүлдіршіндер барлық тапсырмаларды орындады, өзара көмек пен жанашырлық сезімдерін көрсетті.
Туған куніңмен, Ербол! Біздің «Үміт» тобында сүйкімді балапанымыз - Ербол 1 жасқа толды! Туған күнің құтты болсын, жаныңда күндерің мен бақытты сәттерің көп болсын. Жанында үнемі жақсы адамдар, ал ойыңда жарқын идеялар болсын. Өмірдің тек биік шыңдарынан көрін. Біз саған мықты денсаулық, шынайы бақыт пен қуаныш шаттық тілейміз!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде ҚТЖ инженері Ерболат Жақсылықұлы Қалиев қызметкерлерге «Жұмысшылар мен халықты оқыту ережелері және өрт қауіпсіздігі шаралары» тақырыбында ақпараттық дәріс өткізді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Министрінің 2019 жылғы 4 желтоқсандағы No777 бұйрығына сәйкес, Өрт-техникалық минимумның және мерзімді оқудың ережелері түсіндірілді.