Біздің жаңалықтар

Ертегілер-бұл балалардың ең танымал және ең сүйікті жанры. Ертегілер жақсылыққа, қиындықтардан қорықпауға, бір-біріне көмектесуге үйретеді.

"Үміт" тобының тәрбиешілері Қалдыгүл Қозыкөрпешқызы, Жанар Әубәкірқызы, Жанар Мәденқызы және "Алақай" театр студиясының жетекшісі Алмагүл Алтыбайқызы балаларға "Ақылды балапан" ертегісінің театрлық премьерасын көрсетті.

Жаз-жылдың ең керемет мезгілі! Бұл кез-келген ауа-райында балалардың көп уақытын далада өткізетін таңғажайып уақыты. Сондай-ақ күнге қыздырынуға, шомылуға, табиғатта таза ауада серуендеуге, құмарың қанғанша велосипед тебуге үлгеру керек. Бұл - бала денсаулығын шынықтыруға, нығайтуға және дамытуға таптырмайтын ең керемет кезең.

Біздің «Қуыршақ» жанұясының сүйкімді балапанымыз  Мухамед - Али  3 жасқа толды. Туған күнің құтты болсын, біз саған  зор денсаулық ,  шексіз бақыт, сәттілік тілейміз!

Біздің балалар үйінде таңертеңгілік көңілді жаттығулар өткізілді. Іс-шараға мекеменің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері қатысты. Күнделікті таңертеңгілік жаттығу-бұл күніне физикалық белсенділіктің міндетті минимумы. Ол таңертең жуу сияқты таныс болсын. Өйткені, бұл-күні бойы сергектік пен қуат! Бұл физикалық дамуды нығайтудағы алғашқы қадам.